00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

13.02.2024 | 10:15
41
Фото: Оңалхан Өнерхан

Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.

Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан алыс жүріңіздер.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қауіпті екенін еске салды.

Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Барлық жаңалықтар