00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Шымкентте белгісіз сұйықтықтың иісінен 22 адам уланып қалды

26.04.2024 | 11:38
72
Шымкентте белгісіз сұйықтықтың иісінен 22 адам уланып қалды
фото: дереккөзден

Оқыс жағдай Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй секторы аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне тиелген 800 литрлік темір бөшкеден сұйықтық төгіліп, газ бен бу ауаға тараған. Осының әсерінен тұрғындардың жүрегі айнып, өздерін жайсыз сезінді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккендер алғашқы медициналық көмек алып, токсикология орталығына жеткізілді. Дәрігерлерлік тексерістен кейін бәрі үйлеріне жіберілген. Экологтар мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сұйықтық төгілген аумақтан сынама алып, зертханалық талдаулар жүргізді. Болжам бойынша ауада аммиак, пропан, метан, көмірсутекті мұнай газының артық мөлшері бар.

Зерттеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.

Жалпы 13 науқас жедел-жәрдеммен, қалған науқастар өз бетінше бізге келіп көмекке жүгінді. Соның ішінде біз 9 науқасқа стационарлық ем көрсеттік. Олардың бәрі үйлеріне амбулаторлық учаскелік дәрігерлердің бақылауына қайтарылды. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ, - деді қалалық гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.

Барлық жаңалықтар