00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

Павлодарда ірі өндіріс ошақтарының бірінен өрт шықты

Павлодарда ірі өндіріс ошақтарының бірінен өрт шықты
Фото: дереккөз

Павлодар қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өндіріс цехтарының аумағының бірінде болып жатқан өртті сөндірді, деп хабарлады Elorda.Info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, бір қабатты ғимараттың шатыры жанған. Өрттің ауданы 800 шаршы метрді құрады.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды

Барлық жаңалықтар