00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Пәтердегі қабырға түсі денсаулыққа қалай әсер етеді?

30.05.2023 | 22:00
49
фото: oikos-artplay.ru

Пәтерде жөңдеу жұмыстарын жүргізу үшін алдымен түсқағаз бен қабырға түсін таңдау қажет. Жеке талғамнан бөлек, түстердің адам психикасына әсер ететіні анық, деп хабарлады Elorda.info Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Қанық емес ашық түстермен боялған бөлмеде адам өзін жайлы сезінеді. Бірақ кейде бөлмедегі түсті өзгерткіміз келеді. 

Бірақ шектен шықпау керек, бір түстің шамадан тыс көптігі адам психикасына кері әсер тудыруы мүмкін. Мысалы, қабырғада ақ түстің көп болуы мазасыздық пен шаршау сезімін тудырады. Ал қызыл түске бірте-бірте үйрену ашушаңдыққа айналып, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бұл түсті психикасы әлсіз адамдар мен балалар бөлмесі үшін пайдаланбаған дұрыс. Сары түс кішкентай балалар үшін зиянды, өйткені ол жүйке жүйесіне нашар әсер береді, мұндай бөлмеде балалар қыңырланып, көп жылауы мүмкін. Қызғылт сары түс бас ауруын тудырса, жасыл түс таңертең ұйқыдан  тұруға кері әсер етеді. Көк түстің артық болуы гормоналды фонға әсер етеді. Сұр жеке дара түс ретінде қабылданбауы мүмкін, сондықтан оның болуы жағымсыз эмоцияларды тудырады.

цвет.jpeg

Қабырғалар мен төбелер үшін тек бір түсті қолданбау керек. Иә, бұл бөлмені кеңейтіп көрсетуге көмектеседі, бірақ психика үшін пайдалы емес. Өйткені ол жабық кеңістік сезімін тудырады.

Суық реңктерді пайдалану салқындықты, қалтырауды тудырып қана қоймай зат алмасу процестерін баяулатады.  Пәтердегі қабырғаларды бояудың ұтымды шешімі - үш түсті немесе олардың реңктерін пайдалану. Яғни, негізгі түс, акцентті және қосымша түс болуы керек.

Дайындаған Мөлдір МАНДЫБЕКҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар