00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Оңтүстік Кореяда иттің етін жеуге тыйым салынды

09.01.2024 | 15:00
32
Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Оңтүстік Кореяда иттің етін жеуге тыйым салу туралы заң қабылданды, деп хабарлады Elorda.info CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Заң жобасына сәйкес иттің етін тамақ үшін пайдаланған кез келген азамат 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 30 млн корей вонына дейін айыппұл төлейді, – делінген жазбада. 

Бұдан бөлек, иттерді тұтыну үшін өсіретін немесе сатып алатын, тасымалдайтын, етін үйде сақтап және олардан жасалған өнімдерді сататын кез келген адамға айыппұл салынады, не түрмеге қамалады.

Оңтүстік Кореяда иттің етінен жасалған тағамдар дәрі түрінде қолданып келе жатыр. Көбіне қатты суық тиген кезде сорпа әзірлеп жейді. Кәріс халқы ертеден бері ит тағамдарына деген тәуелділікті тыя алмай келе жатыр. Бұған Кореяда аға буын өкілдері түсінікпен қарайды. Себебі бұрын дәрі-дәрмек жоқ кезде иттің етін жеп, ем-шара қабылдаған.

Корея үкіметінің мәліметінше, 2023 жылы Оңтүстік Кореяда 1 150-ге жуық ит өсіретін ферма, 34 қасапхана, 219 дистрибьюторлық компания және ит етін ұсынатын 1600-ге жуық мейрамхана ашылған.

Барлық жаңалықтар