00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ақтөбеде үлескерлерді алдап кеткен құрылыс компаниясының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

26.04.2024 | 12:35
85
Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен
Фото: gov

Аталған қылмыстық іс бойынша Ақтөбе облысы прокуратурасы ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Elorda.Info.

Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А. Ақтөбе қаласының 12-ші ықшамауданы және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасы екі күдіктіге қатысты қылмыстық істі қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды, - делінген хабарламада.

Осыған орай, Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырды.

Барлық жаңалықтар