00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Біз бейбітшілікті таңдаймыз»: Димаштың жанкүйерлері жаңа акция бастады

15.11.2023 | 10:00
71
Фото: dimashnews.com

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері жер бетінде бірлік пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған акцияға жиналды. Бұл туралы Elorda.info dimashnews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта жобаға қазақстандық әртістің 50-ден астам фан-клубтары қатысып жатыр. 

Бір жылдан астам уақыт бұрын La Era Dimash фан-клубының бастамасымен «Dears for Peace» қауымдастығы құрылды. Осы қауымдастық аясында Димаштың жанкүйерлері жаңа бастамаға – «Бір аспан астында – біз бейбітшілікті таңдаймыз» деген жазуы бар әмбебап футболка жасауға барлық Dears-ты тарту идеясын ұсынған. Бұл ұранды кез келген тілде жазуға болады.

8efcfb7d0fda1f3c4ae0-1068x1068.jpg

Әрі қарай, барлық Dears өздерінің футболкаларын киіп, бейне жазады да оны жаңа жыл қарсаңында Нью-Йорктегі Таймс-скверде көрсетпек.

Барлық жаңалықтар