00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

KeshYou тобы АҚШ-та өнер көрсетеді

KeshYou тобы АҚШ-та өнер көрсетеді
Фото: instagram.com/keshyou_official/

Продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында әйгілі американдық рэпер Снуп Доггпен бірге KeshYou тобының ән шырқайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын топ әртіспен бірлескен бейнебаян түсірген болатын.

Баян бұрын топтың осындай жетістіктерге жететінін тіпті елестете де алмағанын мойындады.

18 жыл бұрын мен бұл мектептен, дәлірек айтсақ, әскерден қанша талантты қыз шығатынын елестете алмадым. Олар бүгінде нағыз кәсіпқойларға айналды. Біз бұл оқиға туралы жазуды жалғастырамыз, - деп жазды Баян Алагөзова.

Ол өнер кеші 15 маусымда Милуоки қаласында өтетінін айтты.

Егер сіз Милуокиде болсаңыз, біздің қыздарға қолдау көрсетіңіз. Бұл жаңа құрамның алғашқы қойылымы және олар бірден стадионға шықпақ. Оларды Алла қолдаған шығар. Біз де қолдан келгеннің бәрін жасадық. Енді, қыздар, бәрі сіздерге байланысты! Сіздерге тілекшіміз, - деп жазды продюсер.

Барлық жаңалықтар