00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Кавказ ата-бабамның жері, бірақ мен үшін Қазақстан ыстық - Магамет Сукалов

18.12.2023 | 03:00
58

Целиноград ауданы Достық орталығының жетекшісі Магамет Сукалов Кавказ ата-бабамның жері болғанымен, Қазақстанда тұрғанды қалаймын, осы ел менің туған елім деген пікір білдірді,  деп хабарлады Elorda.info.

Тәуелсіздік күні бәріміз үшін ерекше мереке. Егеменді ел болдық, халқымыздың, бабаларымыздың асыл арманы орындалды, кең- байтақ даламызға өзіміз иеміз. Астанамыз дамып жатыр. Қаншама емхана, балабақша, мектептер, мешіттер мен жолдар салынып жатыр. Мұның бәрі егемендігіміздің арқасы. Еліміз өркендей берсін. Тілегім осы. 

Қабанбай батыр ауылының қасында кішкентай ғана Нұра деген ауыл бар. Мен сол жерде дүниеге келгем. Ұлтым шешен. Сталиннің кезінде әке-шешеміз жер аударылып, Қазақстанға көшіп келді. Сөйтіп біз қазақтардың арасында өсіп, өндік. Жақында Кавказға барып келдім. Ол жақтың табиғаты әдемі, ауа райы жылы болғанымен, өзімнің туған жерім бәрінен артық екен. Кавказдағы туыстар елге келмейсің бе деп сұрағанда, мен бас тарттым. Туған жерімде тұрам деймін. Өйткені Қазақстанда өзім де, 10 балам да өмірге келді, олардан тараған ұрпақ бар. Туған жерім – осы, - деді Целиноград ауданы Достық орталығының жетекшісі Магамет Сукалов. 

Барлық жаңалықтар