Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді
![Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді](/img/articles/53a083abd97c13731e49e2141a875d07.jpeg)
Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысының полицейлері жаңа қызметтік көлік кілтін алды. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің автопаркі облыстық бюджет есебінен сатып алынған 200 арнайы көлікпен толықты.
Олардың басым бөлігі патрульдік полицияға беріледі. Трассада қызмет ететін тәртіп сақшылары да жол талғамайтын көліктер алды. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа техникаларды өзі табыстады.
Сіздердің қызметтеріңіз жедел және жайлы болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Сондықтан құқық қорғау органдарының тиімді жұмысында материалдық-техникалық базаны нығайту ерекше маңызды. Биыл құқық қорғау органдарының қажеттіліктеріне облыстық бюджеттен 22,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде бір миллиардтан астамы материалдық-техникалық жабдықты жақсартуға бағытталады, – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарын қолдау жолғасатынын айтты.
Материалдық-техникалық базаны жаңарту облыстағы жедел жағдайды жақсартумен тікелей байланысты. Өңірдегі жағдай тұрақты, қылмыстың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алда қолымыздан келгенін жасаймыз, – деп алғысын білдірді Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы Нығмет Исмағұлов.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұриддин Дауылбаевтың айтуынша, автопарк жыл сайын жаңарады және қызметтік көлік қажеттілігі 85%-ға қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 100 арнайы көлік қалада және трассаларда қызмет ететін патрульдік полицияға берілді. Бұл сонымен қатар қыста қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқару жұмыстарын жеңілдетеді.
Жаңа микроавтобустар тергеу жедел топтың оқиға орнына шығуы үшін кезекші бөлімдерге берілді. Ол өз кезегінде мобильділікті арттырады.
Көліктер қазіргі заманғы стандарттарға сай келеді, байланыс және бейне құрылғылармен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері еңбегі үшін марапатталды. Қалалар мен аудандардың учаскелік полицейлеріне облыс әкімінің Құрмет грамоталары табысталды.
![](/img/articles/dcfca772e4165ad9c1a0996b13c43af5.jpg)
![](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
![](/img/articles/7bcd533a46a6c4b1dd2cf549ff8f571e.jpg)
![](/img/articles/d812df8b5c1f4390c861397f72e0ec98.jpg)
![Елорда күніне орай Bozjyra Fashion Week Astana шарасы өтеді](/img/articles/dcfca772e4165ad9c1a0996b13c43af5.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
![Ішкі істер органдары халыққа 105 қызмет түрін көрсетеді](/img/articles/7bcd533a46a6c4b1dd2cf549ff8f571e.jpg)
![Елордада дауылды ескерту жарияланды](/img/articles/d812df8b5c1f4390c861397f72e0ec98.jpg)
![«Қойшы бала» өнерден кететінін мәлімдеді](/img/articles/35618ebb37ef648b52826911e8a899e5.jpg)
![1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді](/img/articles/8fdb6392a55cdb34e743ccd87da305ee.jpg)
![Қостанай облысында 70 шетел азаматы құтқарылды](/img/articles/f8dbc3e8a67cc157d748a000d539c28c.jpg)
![Каспий теңізінің деңгейі көтерілді](/img/articles/3687a63103f188b09b1390e288bd42f2.png)
![Қазақстандық волонтерлер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді](/img/articles/7e75656a2cabc48571f7c02cd55a3233.jpg)
![Еліміздегі ең үздік 10 боксшының жаңа рейтингі жарияланды](/img/articles/937301a3b046b12758196b2d21877902.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)