00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Іздеу

«Қойшы бала» өнерден кететінін мәлімдеді

01.07.2024 | 15:55
Торғын Аман
211
«Қойшы бала» өнерден кететінін мәлімдеді
фото: ашық дереккөзден

Айдос Кәден TikTok желісіндегі парақшасында оқырмандары үшін күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

«Қойшы бала» деген атпен көпшілікке танылған әнші әлеуметтік желі арқылы жұртшылықтан кешірім сұрап, өнерден кететінін айтты.

«Бұйырса ағайын өнерден кетемін, сәл өнерде жүре тұрайын дегенім -өмірдегі үлкен қателігім. Жігер ағамнан кетіп қалғаным үшін кешіріңіздер», - деп жазды ол.

Бұл жазбаға оқырмандар түрлі пікір қалдырған.  Бірі оған сәттілік тілесе, басқалары өнерде қолдау көреткен, танылуына ықпал еткен  Жігер Ауыпбаевтың көңілін қалдырғанын есіне салған.

«Жігер жай адам емес, елдің сүйіктісі. Оны бекер ренжіттің»,  «Жас бала ғой, біреулер азғырып жолдан тайдырған», «Баланың ісі шала дейді. Балалықпен жасаған қателігің. Жігер сені кешіреді, сондықтан кешірімді Жігерден сұрағаның жөн», - деген пікірлерін жариялаған.

Барлық жаңалықтар