00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Іздеу

Қазақстандық волонтерлер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді

01.07.2024 | 12:52
Олжас Сүлейменов
159
Қазақстандық волонтерлер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді
Фото: ашық дереккөз

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер бағдарламасы арасындағы келісім аясында жеті қазақстандық волонтер БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдарында (UNFPA, UN Women, UNDP, UN ESSCAP, IOM) тағылымдамадан өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Олар 266 үміткердің арасынан конкурстық негізде іріктелді. Үш жыл бойы волонтерлер Кения, Таиланд және Түркияда жұмыс істейді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар волонтерлік қызмет саласындағы әлемдік оң тәжірибені Қазақстанда одан әрі іске асыруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ еріктілер бағдарламасы қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ның халықаралық волонтерлері ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін келісімге қол қойған еді. Нәтижесінде 7 қазақстандық әлемнің әртүрлі елінде (Кения, Иордания, Түркия және Таиланд) өздерінің волонтерлік қызметін сәтті жүзеге асырды, олардың ішінде 6 волонтер бүкіл әлем бойынша БҰҰ құрылымдарына жұмысқа шақырылды.

Барлық жаңалықтар