Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
![Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Аида Балаева Төраға Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары және оның ШЫҰ Мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысуы елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қытай тарапын Астанадағы Қытай мәдени орталығының сәтті тіркелуімен құттықтады.
Қазақстан мен Қытай үшін мәдени орталықтардың ашылуы айтулы оқиға болатындығын айта кету маңызды. Осы бағыттағы өзара байланыс болашақта тек қарқынды түрде дамып, екі ел халқы үшін оң нәтиже береді. Бұл мәдени алаң халықтарымыздың бір-біріне жақын болуына мүмкіндік береді деп сенемін, - деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
Сондай-ақ кездесу барысында Аида Балаева ҚР МАМ-ның архив саласында, Қытайдағы Қазақстанға қатысты тарихи құжаттар мен жәдігерлерді қайтару бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі бірлесе қызмет етуге әзір екенін жеткізіп, бағдарлама бойынша келіскеннен кейін Қытай тарапы дереу жұмысқа кірісіп, тиісті органдарға құжаттар тапсыратынын баса айтты.
Елдеріміздің мәдени ынтымақтастығы халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуда шешуші рөл атқарады. Біз бірлескен мәдени жобалар мен бастамалардың үлкен әлеуетін көріп отырмыз, - деді Сунь Ели.
Кездесу соңында тараптар бүгінгі басқосу елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға тағы бір қадам болатынына сенім білдірді.
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)