00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

«Павлодар-Астана» электропойызының бағыты Бурабай мен Көкшетауға дейін ұзартылды

27.06.2024 | 14:15
Олжас Сүлейменов
164
«Павлодар-Астана» электропойызының бағыты Бурабай мен Көкшетауға дейін ұзартылды
Фото: дереккөз

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 28 маусымнан бастап жазғы кезеңге №7509/7510 «Павлодар-Астана» электропойызының бағытын Көкшетау мен Бурабай курорты станциясына дейін ұзартты, деп хабарлады Elorda.info.

Павлодардан Астанаға дейін пойыз №7509/7510 нөмірімен, содан соң №6805/6806 нөмірімен қатынайды. Электропойыз Павлодардан сағат 10:57-де, Астанадан сағат 18:30-да шығады. Пойыз Бурабайға сағат 21:20-да, ал Көкшетауға сағат 22:31-де жетеді. Кері бағытта Көкшетаудан сағат 11:50-де шығып, Бурабайдан сағат 12:55-те, Астанадан сағат 16:45-те жүреді. Павлодарға пойыз сағат 23:31-де келеді, - делінген хабарламада.

Пойыз жаздың соңына дейін аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері қатынайды.

Павлодардан Бурабай станциясына дейінгі жол жүру құны: 1-класстағы вагондарда – 8 012 теңге, 2-класстағы вагондарда – 7 480 теңге, 3-класстағы вагондарда - 6 184 теңге.

Комиссиясыз билеттерді bilet.railways.kz сайты немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Бурабай» курорты аумағында жаңа туристік аймақтарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын.

Барлық жаңалықтар