00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының арманын орындады

27.06.2024 | 16:04
Олжас Сүлейменов
162
Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының арманын орындады
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова желіде ұлымен түскен видеосын жариялап, баласының асқақ арманын орындағанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мөлдір Әуелбекова отбасылық видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің ұлымен бірге әуе шарымен теңіздің үстінен ұшып бара жатқанын көруге болады.

Эстрада жұлдызы бұл баласының асқақ армандарының бірі болғанын айтты.

«Баламның арманын орындадым! Жанымда бол! Салтай менің ер жүрегім! Әр баланың армандары орындалып, бақытты болсын», - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ұлының армандарын бірінен соң бірін орындап жатқан Әуелбековаға тәнті болып, жылы лебізін білдірген.

«Керемет. Ана деген баланың арманын орындаудан шаршамау керек», «Мөлдір жарайсыз, жалғыз өзіңіз-ақ балапандарыңызды көтеріп келе жатырсыз», «Уау, қандай күшті», «Салтай бақытты бала», «Телефонның ар жағынан маған қорқынышты болып тұр. Салтай расымен ержүрек екен», - деп жазуда көпшілік.

Барлық жаңалықтар