00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Air Astana әнші Ерлан Көкеевтің бағалы аспабының жоғалуына қатысты түсініктеме берді

27.06.2024 | 17:19
Торғын Аман
184
Air Astana әнші Ерлан Көкеевтің бағалы аспабының жоғалуына қатысты түсініктеме берді
фото: Эйр-Астана баспасөз қызметінен

Белгілі әнші Ерлан Көкеев гитарасының жоғалғанын айтып, Air Astana әуе компаниясына шағымданған. Осы фактіге қатысты бүгін Air Astana түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info.

«Air Astana әуекомпаниясының жоғалған жүкті іздеу қызметінің мамандары Ерлан Көкеевтің шағымы бойынша іздеу жүргізді. Тексеріс нәтижесінде әуежайда қызметкерлер Ерлан Көкеевке гитараны ұшаққа өзімен алып кіруді ұсынғаны анықталды. Алайда жолаушы затын жүк бөлігіне жіберуді және гитараға «әйнек» белгісін жапсыруды сұраған. Әуе компанияның құжаттарына назар салсақ, 25 маусымда Өскемен-Алматы бағытындағы КС302 рейсіне бір ғана гитара тиелген. Камера жазбалары да бұл ақпаратқа дәлел. Жазбадан ұшақ қонғаннан кейін гитара Алматы әуежайына түсіріліп, осы рейс жолаушыларының басқа да жүктерімен жүк қайтару жолағына қойылғаны көрінеді. Осы ұшақтан түскен қызыл түсті бас киім киген жолаушы Ерлан Көкеевтің гитарасын жүк жолағынан алған, - деп көрсетті әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуекомпания аталған жолаушыдан гитараны қайтаруды сұрады. Болмаса Ерлан Көкеев жоғалған затын іздеп табу үшін құқық қорғау органдарына хабарласа алады.

«Air Astana өз кезегінде полиция жұмысына жәрдем көрсетіп, видеокамера жазбаларымен қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар