00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада кәсіподақ бильярд турнирін өткізді

21.04.2024 | 14:13
79
Елордада кәсіподақ бильярд турнирін өткізді
Фото: Астана қаласы Кәсіподақтар федерациясынан

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласындағы филиалы ұйымдар арасында бильярдтан турнир өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Оған 14 ұйымнан 20 адам қатысты.

Іс-шара осы спорт түрінің кәсіпқойлары мен әуесқойларының басын қосты, сондай-ақ жекпе-жекті тамашалауға ниет білдірген кәсіподақ мүшелері жиналды.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағы саласының Астана қаласындағы филиалының төрайымы Гүлмира Мұстафаева ашып, жарысқа қатысушыларға лебізін білдірді.

Турнирге қатысушыларды қолдауға келген Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин сәттілік тіледі.

Қатысушылар жекпе-жектерде сегіз сағат бойы өздерінің төзімділігін, стратегиялық ойлаудан өз шеберліктерін көрсетті.

Ал финалда ең мықтылар бақ сынады. Финалистер шешуші ойындарда бір-біріне дес бермеуге тырысып, жеңіске жету үшін ерік-жігерін танытты.

Турнир қорытындысы бойынша үш жеңімпаз жеңіске жетті.

Үшінші орынды №9 қалалық емханадан Нұрхан Картаев иеленді.    

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтан Марал Қалжанов екінші орынды жеңіп алды.

Турнирдің  бас жеңімпазы  Ұлттық сараптама орталығынан Талғат Тұңғышбаев атанды.

Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир тек әріптестер арасындағы жарыс қана емес, әуесқойлар үшін де, жаңадан келген кәсіподақ мүшелері үшін де қызықты ойын болды.

Барлық жаңалықтар