00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Еліміздегі музейлерде 2,6 млн экспонат бар

18.05.2023 | 21:00
78
Фото: Egemen.kz

Қазіргі таңда елімізде 271 мемлекеттік музей жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

2022 жылы олар 166 801 экскурсия ұйымдастырды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 41 мыңға көп. Ал көрме саны – 8393. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы нәтижемен салыстырғанда 1484 көрмеге артық.Өткен жылдың қорытындысы бойынша музейге келушілер саны 6 млн адамнан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1 миллионға жуық көп. Бұл ретте келушілердің 35%-ы немесе 2,175 млн – балалар, - деп жазылған хабарламада.

Негізгі музей қорларындағы экспонаттарының саны - 2,6 млн асады. Оның ішінде 350 мыңы — аса құнды жәдігерлер. Миллионнан астам экспонат электронды форматта ұсынылған. Сондай-ақ, ҚР Музей қорының мемлекеттік каталогы жұмыс істейді, оған қазіргі уақытта 114 мемлекеттік музейден 130 мыңнан астам экспонат қосылды. Ұлттық мәдени мұра нысандарының қатарына 61 музей қорынан 5000-ға жуық жәдігер кіреді.

18 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық музейлер күні атап өтіледі. Атаулы күнге орай дүниежүзінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның ішінде мысалы, Қазақстанның музейлері белсенді қатысатын «Музейлер түні» акциясы. Акция 1977 жылдан бері ICOM Халықаралық музейлер кеңесінің бастамасымен жүзеге асырылып келеді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның барлық музей қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтағым келеді! Елдегі музейлердің жұмысы белсенді дамып, келушілер саны күн сайын артып отыр. Музейлерде тақырыптық көрмелер, дәрістер, экскурсиялар, қызықты, танымдық және шығармашылық іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Еліміздегі музейлерде ерекше, бірегей залдар ашылып жатыр. Мысалы, ҚР Ұлттық музейіндегі палеонтология залы мен қолөнершілер орталығы бар. Сол секілді ашық аспан астындағы ең үлкен «Бозок» музей-қорығы салынып жатыр. Визит-орталықтар ашылып, онда тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумақтарынан табылған жәдігерлер туралы ақпарат ұсынылған. Әрине, бұл істің бастамасы ғана біз бұл жұмысты одан әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз. Атап айтқанда, ғылыми экспедициялар өткізіп, халықаралық деңгейге шығуды мақсат етіп отырмыз. Халықаралық жобалардың бірі ретінде 2026 жылы Луврда қазақ өнерінің көрмесін ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Барлық жаңалықтар