00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Еліміздегі 6 өңірде көлік қозғалысы шектелді

05.04.2024 | 10:18
Елорда ақпарат
58
Еліміздегі 6 өңірде көлік қозғалысы шектелді
Фото: дереккөз

Қазақстанның 6 облысында республикалық маңызы бар 8 жолда автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады Elorda.info

«ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 км) қозғалыс шектелді. 

5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруінен 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы 3 280 метр) су тасқыны болды. 

Қазіргі таңда республикалық жолдарға 285 техника мен 312 адам жұмылдырылды. 

Барлық жаңалықтар