00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Егемен елдің ұландары аға буынды үлгі тұтады - Шерзод Пулатов

16.12.2023 | 09:00
62
коллаж: Елтай Нұрғазин

Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов егемен елдің ұландарының қалыптасуына аға буынның ықпалы зор, біздің бойымыздағы патриоттық сезім тарихи тұлғалардан берілген ұлы қасиет деген пікір айтты,  деп хабарлады Elorda.info.

Біздің қазіргі заманғы құндылықтарымыз отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, білім мен ғылымға деген құштарлыққа, жоғары моральдық қасиеттерге және Қазақстанның ұлттық тарихи тұлғалары – батырлардың, жауынгерлердің, ойшылдардың, мемлекет қайраткерлерінің жанқиярлығына негізделген. Бұл жоғары басымдықтар тәуелсіздіктің жаңа буыны үшін мінез-құлық үлгісін қалыптастыратын «Адал азамат» президенттік тұжырымдамасының негізін қалады. Бұл халық мүддесін жекеден жоғары қою қабілеті және нағыз құрметке лайық патриоттарды қалыптастырады. Тәуелсіз, егемен елдің жастары алдыңғы буынның азаматтық келбетін үлгі тұтады, соларға қарап бой түзейді. Тәуелсіздік бәріміз үшін Алладан берілген үлкен нығмет. Аспанымыз әрқашан ашық, халқымыз тыныштық пен бірлікте болып, бір-бірімізді құрметтеп, ізет көрсетіп жүрейік. Барша жақсы амалдарымызды Жаратқан иеміз берекемен толтырып қабыл етсін. Мемлекеттіміз абыройлы, айбанды, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Мерекеміз құтты болсын, - деді Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, ҚР Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов.

Барлық жаңалықтар