00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Еңбек демалысынан кейінгі көңіл күй қаншалықты маңызды?

24.07.2023 | 14:00
33
Фото: ашық дереккөз

Жылда бір келетін еңбек демалысы бітіп, жұмыс орнына оралған сәтте бірден іске кірісіп кете алмай жүретін жағдай орын алатыны  белгілі. Осы жағдайдан шығу үшін не істеу керек? Elorda.info тілшісі психологтартың пікірін білді.

Гештальт-терапевт Эльмира Шаниеваның айтуынша, еңбек демалысынан оралғандарға қандай да бір кеңес бермес бұрын, ол адамның қанша уақыт, қашан, қайда, қалай және қандай жағдайда тыныққаны жайлы мәліметтерге мән беру керек. Біреу 3 күн, біреу 1 апта, ал біреу 30 күн демалуы мүмкін. Әлдекім үйінде, әлдекім шетелде еңбек демалысын өткізген болар. Демалыста адам толыққанды өз ресурсын қалпына келтіре алды ма? Біреулер бұл уақытта сырқаттанып қалған шығар, мүмкін саяхатқа бала-шағасымен барып шаршап кетті ме? Әлде адамды құр демалыс жалықтырды ма немесе үй ішіндегі айқау-шу қажытты ма? Мұның барлығы – жекелеген өзгешеліктер, сәйкесінше кеңестер де әртүрлі болмақ.

-Меніңше, ең басты назар аудару керек нәрсе: климат ауыстырсаңыз, орта өзгерсе, ол жақтан келген соң, міндетті түрде, бейімделуге уақыт керек. Мысалы, мен кеше ғана Түркиядан келдім. Маған әдеттегі жұмыс ағынына ілесіп кету үшін уақыт керек. Сіз де өзіңізден сұраңыз: «Маған демалыс керек пе, әлде жұмысқа шығуым керек пе?» деп. Егер шаршап-шалдығып, өз-өзіңізге келе алмай тұрсаңыз, мүмкіндігіңіз болса, 1-2 күн тынығып алыңыз. Ондай мүмкіндік болмаса, сәл-пәл көңіліңіз құлазып, ашуланып алған соң, үлкендерше шешім қабылдаңыз. Өйткені үлкен адам алдында тұрған міндетті, оны орындамаса не болатынын түсінеді ғой, - деді гештальт-терапевт Эльмира Шаниева.

Ал педагог-психолог Шынар Төкенованың айтуынша, кейбір психологиялық әдістер адамның ойын жақсы арнаға бұрып, демалыстан кейінгі күйзелісті азайтып, қызмет ағынына ілесіп кетуіне көмектесетінін айтты. Ол үшін еңбек демалысынан жұмысқа оралған қызметкер мына кеңестерді орындаса болады:
1. Жұмыс үстеліне немесе кабинетіне өзгерістер жасау
2. Өзі ұнатып, таңдап алған жаңа киім кию
3. Өзінің мықты тұстарын жазу
4. Көбірек ортамен араласу
5. Тапсырмаларды оңай-күрделілігіне қарай бөліп шығу.

Барлық жаңалықтар