00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бүгін ауа райы жауын-шашынды болады

08.08.2023 | 03:30
41
фото: egemen.kz

«Қазгидромет» РМК 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Ауа райы болжамына сәйкес, 8 шілдеде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Жел екпіні күшейеді деп болжанды. Ал елдің батысында солтүстік-батыстан келген антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады» , - делінген «Қазгидромет»  РМК мәліметінде.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Барлық жаңалықтар