00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандағы киіктер саны 1,9 млн-нан асты

23.05.2023 | 18:30
59
Фото: дереккөз

2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес, киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа, яғни 45,3%-ға артқан, деп хабарлады Elorda.info Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт - 39 700.

Киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.

Барлық жаңалықтар