00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Қар аралас жаңбыр жауады»: Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

13.09.2023 | 16:00
44
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.  

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

Алдағы үш күнде шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте республиканың солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жауады, - дейді мамандар.

Айта кетейік, Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+10°, күндіз +13+20°, оңтүстікте түнде +7+15°, күндіз +18+25° болады.

Барлық жаңалықтар