00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Алдағы күндері жаңбырлы қар жаууы мүмкін

12.09.2023 | 02:30
34
Фото: Depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 12-14 қыркүйек аралығында жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болады деп болжап отыр, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

«12 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын, көктайғақ болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Солтүстік-батыста – күндіз 13-23 градустан 15-25 градусқа дейін, солтүстікте 10-15 градустан 12-17 градусқа дейін, орталықта 10-23 градустан 12-23 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылауы ықтимал.

Ауа температурасы күндіз батыста 18-25 градус, оңтүстікте 22-30 градус, республиканың оңтүстік-шығысында 18-27 градус, таулы аймақтарда 7-12 градус жылы болады.

Барлық жаңалықтар