00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бүгін ауа райы қандай болады

01.04.2023 | 00:28
Елорда ақпарат
37

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 18 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) пен көктайғақ болжанды, - дейді синоптиктер.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы -11-13°С, күндіз 0+2°С.

Алматыда күн бұлтты, әлсіл-әлсін жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз 0+2°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +18+20°С.

Барлық жаңалықтар