00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде «Media Lab» журналистер орталығы ашылды

31.03.2023 | 23:08
Елорда ақпарат
50

Мұнда Қазақстандағы ақпарат айдыны зерделеніп, ғылыми тұжырымдамалар жасалады, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, Орталық университеттегі білім беру сапасын арттыруға да атсалысады. Қазір медиа мамандарды дайындайтын оқулықтар ескірген. Олар заманауи ақпарат кеңістігінің талабына сай емес. Соған байланысты сарапшылар оқу орындарына жаңа пәндер енгізу жөнінде ұсыныс тастай алады. Орталықтың ашылуына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Жоғарғы білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек қатысты. Қос ведомство басшысы орталық жұмысын жандардыруға ниет білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Бағдарламалар ескіріп бара жатыр. Мазмұнды толыққанды толтыруымыз керек. Журналистика, медиа саласына шыққан жаңа құралдарды оқытуымыз керек. Сондықтан екі министрлік бірігіп, осы саланың, медиа саланың жаңа мамандықтар картасын жасауға да келісіп отырмыз бүгін. Соның негізінде 24 ЖОО оқу бағдарламасы да өзгермек, - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, қазір елдің 24 университетінде 5 мыңға жуық студент медиа мамандығында білім алып жатыр.

Орталықтың мақсаты – медиа тұтыну патрондарын социалогиялық және өзге де әдістермен терең зерттеу, қазақстандықтар не көреді, не көргені дұрыс деген мазмұнда зерттеулер жасағымыз келеді. Медиа және коммуникация саласында білім беретін ЖОО оқу бағдарламаларына аудит жүргізіп, солардың силабустарын заман талабына сай жаңартып берумен, сонымен қатар оқу процесіне қажет болады-ау деген әлемнің үздік оқу орындарында әзірленген кітаптарды қазақ тіліне аударғымыз келеді, - деді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани.

Барлық жаңалықтар