00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан Түркиядан бронды көліктер сатып алып жатыр

31.03.2023 | 21:31
Елорда ақпарат
30

Қазақстан Түркиядан бронды көліктер сатып алып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, Қазақстан шекарасын дәл қазір Израиль, Қытай сынды мемлекеттерде шығарылған пилотсыз ұшақтар қорғап тұр.

Енді бұл қатарға әскери қақтығыста тиімді қолданылған Түркияның дрондары қосылуы мүмкін. Жауаптылар бауырлас елмен бірігіп, пилотсыз басқарылатын аппараттарды елде өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Одан бөлек, Қазақстан Түркиядан бронды көліктер сатып алып жатыр.

Біз Қарулы күштердің белгілі бір құрылымдық бөлімшелеріне қажетті өнімдерге тапсырыс береміз. Кез келген әскери техника арнайы тапсырмаларды орындау үшін алынады. Тиісінше, сол тапсырманы мүлтіксіз орындай алатын техникаларды алып жатырмыз. Олар өзінің тиімділігін іс-жүзінде көрсеткен техникалар, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

Барлық жаңалықтар