00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстанда Apple өкілдігі қашан ашылады

31.03.2023 | 21:18
Елорда ақпарат
28

Алматыда Apple өкілдігін ашу үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Елшілеріміз алпауыт компаниялардың бас кеңсесімен тікелей сөйлесіп жатыр. Әрбір жеке брендпен біз осы жерде нені қалайтынымызға қатысты келіссөз жүргізілуде. Егер Apple жайында айтар болсақ, онда оған Қазақстанда өндіріс ұсыну қисынға келмейтін сияқты. Бізде, Қазақстанда смартфон шығару үшін бәсекелестік басымдық жоқ. Сонымен қатар аталған өнімде қолданылатын өңделген сирек кездесетін металлдар, арзан жұмыс күші де жоқ қой. Сондықтан нақты Apple-мен Алматыда сауда жөніндегі ресми өкілдігін ашу жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Бізге Apple мұндай деңгейдегі мәселелердің шешілуіне шамамен 3-4 жыл уақыт кететінін алға тартып отыр, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Барлық жаңалықтар