00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде маусым айынан бері 75 мемлекеттік дәріхана ашылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысындағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілердің қолжетімділігін арттыру үшін салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттерін құру жөніндегі норма енгізілді. Осы жылдың 4 айында 230 елді мекенде 75 мемлекеттік және 161 жеке дәріхана ашылды,- деді министр. 

Сондай-ақ, министр өз баяндамасында ауылдарда денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. 

Ауылдарда денсаулық сақтау объектілерінің 86,1%-ы интернетке қосылған, жұмыс орындарының 91,1%-ы компьютерлермен жабдықталған, 81% медициналық ұйым госпитальдық ақпараттық жүйелерді енгізген, - деді Ажар Ғиният.

Барлық жаңалықтар