00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

24 жастағы жігіт өгей әкесін пышақтап өлтірген

31.03.2023 | 19:20
Елорда ақпарат
39

Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны жанжал барысында өгей әкесін өлтірген, деп хабарлады Elorda.info Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасы 18 қазанда Есіл ауданында болған.

Явленка ауылының 24 жастағы тұрғыны өгей әкесімен бірге ішімдік ішкен. Олар жанжалдасып қалып, артынша жас жігіт қарсыласына көптеген пышақ жарақатын салған. 1976 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған, - деді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу шаралары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

Барлық жаңалықтар