00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Енді Отбасы банктегі депозитті туыстардың атына онлайн аударуға болады

31.03.2023 | 18:03
Елорда ақпарат
32

Отбасы банк клиенттері енді банктің мобильді қосымшасы арқылы жақын туыстарына өз депозиттерін аудара алады, деп хабарлады Elorda.info.

Енді «Otbasy bank» қосымшасында депозитті тағайындау 5-10 минутты алады. Бұл қызметті онлайн режимде туыстардың келесі санаттары пайдалана алады: жұбайы (әйелі), ата-аналар (ата-ана), балалары, ағалары мен әпкелері (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек). Табыстауды тек Отбасы банкінде 01.11.2016 жылдан кейін ашылған депозиттерге ғана рәсімдеуге болады. Депозит 01.11.2016 жылға дейін ашылған болса, табыстау қызметін қолдану үшін банк бөлімшесіне бару қажет, - делінген банк хабарламасында.

Сондай-ақ, шот бойынша кемінде 50 АЕК (2022 жылы бұл – 159 000 теңге) көлемінде жинақ болуы шарт.

«Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы табыстау қызметін келесі тұлғалар қолдана алмайды:

1. Ата, әже, немере, нағашы апалар мен әжелер, немере ағалар, жиендер, ортақ туыстары бар үшінші тұлғалар. Олар депозитті табыстау қызметін қолдану үшін банк бөлімшесіне келулері қажет;

2. Сенімгерлер, кепілгерлер, қамқоршылар. Олар да депозитті табыстау қызметін қолдану үшін банк бөлімшесіне келулері қажет;

3. Уәкілетті мемлекеттік органдардың және жауапты лауазымды тұлғалардың шешімдері немесе өкімдерімен, шоттағы шығыс операцияларын тоқтатылған, үшінші тұлғалардың талабымен шоттан ақшаны алу туралы шешімдері немесе өкімдері бар, шоттағы қаражаты бұғатталған банк клиенттері;

4. Салықтық, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешегі бар, сондай-ақ әрекетсіз салық төлеушi ретiнде танылған клиенттер;

5. Резидент еместер (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар).

Депозитті тегін онлайн тағайындау жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолжетімді.

Барлық жаңалықтар