00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Меккеде сіздер үшін дұға етемін»: Айнұр Тұрсынбаева жұрттан сөз естіп қалды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:19
ҒаниАтымтай
46

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның проблемаларын айтқан адамдар үшін Меккеде дұға етемін деген сөзі жұртқа ұнамай қалды, деп жазады Elorda.info

Бұл туралы ол instagram-парақшасына жүктеген видеода айтқан. 

Мекке қаласынан тікелей эфирге шығамыз. Сол кезде проблемаларыңызды жазып отырыңыздар. Барлығыңызға уәде бере алмаймын. Дегенмен мүмкіндігімізше, сіздер үшін дұға етемін, - деген ол видеода.

Оқи отырыңыз: «Алла нәсіп етсін»: Айнұр Тұрсынбаева жаңа түскен келінін қажылыққа апарды (ВИДЕО)

«Жұлдыздар қолына су құюға жарамайды»: Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваны мақтады

«Бәйбішесі әдемі еді ғой»: Бекболат Тілеуханның жас әйелімен түскен ФОТОСЫ желіні шулатты

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары ақынды сынап тастады. 

«Алланың секретаршысы сияқты айтты ғой», «Мұны да бизнеске айналдырып жіберді ме?», «Сендер секілді сатқындарға дұға тілетпейміз», «Түркияны тындырып, енді Меккеге шықты ма?», «Мынауың енді халықты алдау», «Проблеманы шешетіндей кім едің?» - деп жазып жатыр олар.

Барлық жаңалықтар