00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Ұлттық ұлан сақшылары әйел зорлаған күдіктіні ұстады

25.02.2023 | 09:06
Елорда ақпарат
25

«102» нөміріне И. есімді келіншек қоңырау шалып, Ж есімді азамат зорлағанын айтып, арызданады. Дереу оқиға орнына жеткен 5512 әскери бөлімнің сақшылары бірден күдіктіні іздестіруге кіріседі.

Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің аулаларын аралау барысында сипатқа сай келетін Ж. есімді  азамат әскери жасақты көре сала бірден абдырап, сасқалақтай бастайды. Сақшылар азаматты ұстап, дереу №4 полиция учаскесіне жеткізеді. Жәбірленуші ұсталған азаматты бірден таниды. Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120 бабының 1 тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды, - деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Барлық жаңалықтар