00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік ғылыми-инженерлік конкурсқа қатысады

14.05.2024 | 11:07
151
Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік ғылыми-инженерлік конкурсқа қатысады
Фото: дереккөз

Қазақстандық жас инженерлер Лос-Анджелесте әлемнің 70-тен астам елінен баратын 2 мың оқушы арасында жүлде қоры 9 млн $ құрайтын Regeneron ISEF 2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауында бақ сынайды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан құрама командасының мүшелері биылғы оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде іріктелді.

Олар:

Әлихан Жарболов – Алматы қаласындағы РФММ 11-сынып оқушысы, өзінің математикалық жобасымен;

Әбілмансұр Рахметтуллаев – «Haileybury Astana» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы, информатика пәнінен;

Саяжан Жақсығалиева – Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы, химия пәнінен ғылыми жобамен қатысады.

Барлық жаңалықтар