00:00
Астана -10oC
USD:
457.98
EUR:
490.86
RUB:
5.26
Іздеу

«80 млн теңге»: Танымал блогердің бір күндік образының құны белгілі болды

14.05.2024 | 11:26
121
фото: zhansaya_ae/ Instagram/ скрин
«80 млн теңге»: Танымал блогердің бір күндік образының құны белгілі болды

Жансая Махабаева танымал блогер Мәдина Мамадалиеваның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді,  деп хабарлады Elorda.info.

Жансая Махабаева желіде Мадлен деген есіммен танымал блогердің киімі мен бағалы әшекейлерінің бағасын айтып берді.

«Үстіндегі костюмы - 70 мың теңге тұрады. Аксессуарларына келсек, Сөмкесі Hermès брендінен Kelly моделі, қолтырауын терісінен жасалған, нарықтағы бағасы шамамен - 16 миллион теңге. Сырғасы гауһар тастармен көмкерілген Van Cleef & Arpels брендінің Alhambra топтамасынан, бағасы - 27 миллион 250 теңге. Білезіктері туралы айтсақ, біріншісі Cartier брендінің Juste un Clou топтамасынан, бағасы - 2 миллион теңге. Келесісі Love топтамасынан, бағасы - 6 миллион 400 мың теңге. Ал Bulgari брендінің Serpenti Viper топтамасының білезігі - 6 миллион теңге. Жүзік те осы топтамадан, гауһар тастары бар, 18 каратты ақ алтыннан жасалған, бағасы - 23 миллион теңге. Осылайша образдың құны - 80 миллион 720 теңгеге шықты», - дейді блогер.

Барлық жаңалықтар