Үкіметте елдегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды
![](/img/watch-gray.png)
![Үкіметте елдегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды](/img/articles/013457245548fe8a05bf0c43f67ee77f.jpg)
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлады Elorda.info.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев айтып өткендей, қазіргі таңда еліміздегі су тасқыны жағдайы тұрақтанып келеді. Осы аптада Атырау облысында су тасқынының шарықтау шегі болады деп болжанып отыр. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет кенттеріндегі су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсті. Қазіргі уақытта өңірде аумаққа топырақ үю, құм толтырылған қапшықтарды төсеу, топырақтан біліктер салу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еліміздің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Ақтөбе облысындағы екі елді мекенде әлі де көлік қатынасы жоқ. Тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мың бала эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 55,6 мың адам өз үйлеріне оралды. Әзірге эвакуациялау бекеттерінде 5 мыңға жуық азамат қалды.
Су тасқыны салдарынан елімізде 12 908 тұрғын үйді су басты, оның ішінде үш өңірде әлі 264 үй су астында қалып отыр. Сондай-ақ 18 025 саяжай үйі бар 25 921 саяжай учаскелері су астында қалды.
Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. 680 отбасына 362 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын өтелді.
568 отбасы 710 млн теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Өңірлерде келтірілген залалды бағалау және өтеу жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауға алынған.
Олжас Бектенов тиісті құрылымдарға тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Әсіресе, Жайық өзеніндегі қауіпті деңгейден асып кеткен Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды бақылауға алу керек.
Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуы тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін, — деп тапсырды Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Ақтөбе облысында 2 елді мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ. Онда азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алу керек. Электр жарығынсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездету керек.
Сондай-ақ су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуге тиіс. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек, — деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)