00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

16 желтоқсан ұлтымыз үшін ұлы мереке – Роза Нұртазина

15.12.2023 | 06:15
68
коллаж: Елтай Нұрғазин

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының профессоры, саясат ғылымдарының докторы Роза Нұртазина Тәуелсіздік күні мерекесі еркіндікке ұмтылғандарды еске алу күні және ерлік пен отансүйгіштігіміздің көрінісі деген пікір айтты, деп хабарлады Elorda.info.

1986 жылғы 16 желтоқсан қазақ халқы, оның ішінде жастарымыз ұлтымыздың құқықтарына қол сұғылған саясатқа наразылық білдірген күн. Сондықтан бұл қайғылы оқиғаларды еске алу күні әрі ерлік пен отансүйгіштіктің айқын көрінісі болды. Жалпы әрбір ел мен оның азаматы үшін егемендік алу асыл арман. Аталған оқиғадан Қазақстан халқының тәуелсіздікке деген ұмтылысын көреміз және мақсатымыз қуатты әрі гүлденген, егемен мемлекетті құру болды. Тәуелсіздік күні бостандық пен бейбітшілікті бейнелейтін ұлтымыздың ұлы мерекесі деп санаймын, - деді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының профессоры, саясат ғылымдарының докторы, Астана қаласының Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Роза Нұртазина. 

Роза Нұртазина егемен елімізде жүргізілген көпвекторлы саясатының нәтижесінде алпауыт мемлекеттердің сенімді серіктесіне айналдық деп санайды. 

Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемге танымал мемлекет. Тәуелсіз Қазақстанымызда экономикалық реформамен қатар саяси реформалар жүргізіліп, соның арқасында халықаралық аренадағы беделі артып, жоғарғы дәрежеге жетті. Қазақстан халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшесі және батыс пен шығыстағы мемлекеттердің сенімді серіктесіне айналды. Осы орайда отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бүкіл халық бір үлкен отбасындай бір мүдде, бір мақсатқа топтасып, биік белестерді бірге бағындырайық. Әр отбасына келісім, амандық игілік тілеймін, - деді Роза Нұртазина.

Барлық жаңалықтар