00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Алматы маңында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

25.02.2023 | 00:48
Елорда ақпарат
64

Қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған. Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан «Марлин» және Tikka мылтықтары табылған.

Тексере келе, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланғаны белгілі болды. Екі карабин де баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.

Барлық жаңалықтар