00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандықтар бес жылда 213 мыңнан астам ескі көлікті жоюға тапсырған

24.02.2023 | 18:43
Елорда ақпарат
31

Сертификат бағдарламасы бойынша 54 831 автокөлік қабылданды. Аталған бағдарламаның нәтижесінде отандық өндірушіден 29 759 су жаңа автокөлік сатып алынды.

Сондай-ақ ескірген ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдік сертификатына айырбастау бағдарламасы бойынша 3 045 агротехника жоюға тапсырылды. Оның 801-і комбайн болса, 2 244-і трактор.

Айта кету керек, 2021 жылы ауылшаруашылық техникасын қабылдауға 2 380 квота бөлінді. Кейін ҚР Инвестициялар және инфрақұрылымдық даму және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі келісімімен қосымша тағы 1000 квота бөлінген болатын (580 тракторға, 420 комбайнға).

Естеріңізге салайық ескі көлікті жоюға қабылдау бағдарламасы 2016 жылдың 21 қарашасынан басталған болатын. Ал ауылшаруашылық техникасын қабылдау бағдарламасы 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап іске қосылды. Бағдарлама аясында агротехниканы тапсырушыларға 560 мыңнан 2 миллион теңгенің жеңілдік сертификаты беріледі. Ал жеңіл автокөліктерге 210 мың, жолаушы және жүк көліктерінің санатына қарай 420 мыңнан 630 мың теңгеге дейін бағаланады.

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған машиналар Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт 194 462 көлікті қайта өңдеді.  

Барлық жаңалықтар