00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада дін мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

24.02.2023 | 17:29
Елорда ақпарат
61

Бұл шараға Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.И.Әлмұханов, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Е.Н.Жүсіпов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының доценті, аға оқытушысы К.Тышқан қатысты.

Семинардың мақсаты – психологтар мен оқытушылардың біліктілігі мен олардың тиімді өзара іс-қимылын арттыру, мектеп оқушылары үшін діни экстремизм идеяларының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізудің жұмыс әдістерін жетілдіру.

Шара барысында еліміздің дін саласындағы қазіргі жағдайы туралы мәселелер, дінтану пәнін оқытудың тиімді және жүйелі жұмысы бойынша жаңа әдістер, идеялар мен ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, дінтану пәнін зерделеу процесінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамытудағы оқыту заңдылықтары қаралды.

«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын» жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған семинар барысында айтылған заманауи жұмыс әдістері дінтану пәнінің оқытушыларын әдістемелік қамтамасыз етуге негіз болмақ. Ал айтылған ұсыныстар жастармен сапалы әрі тиімді жұмыс жүргізудің құралы болады деп күтілуде.

 

Барлық жаңалықтар