00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде күзет қызметкерлеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады

24.02.2023 | 17:15
Елорда ақпарат
34

«Қазіргі таңда біздің департамент күзетшілерді даярлаудың типтік оқу жоспарын қайта қарап жатыр. Жаңа жоспарға сәйкес күзет және терроризмге қарсы күрес тақырыбына арналған теориялық және практикалық тапсырмалардың саны арта түспек. Бүгінде күзетшілерді кәсіби даярлау – күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі. Себебі, күзетші қызметкерлер қоғам қауіпсіздігі үшін жауапты мамандардың бірі. Елімізде күзетшілерді әзірлеудің өзіндік талабы бар, ендігі уақытта аталған талаптар жетілдіріле түспек. Жаңа өзгеріс тек күзетшілерге ғана емес олардың даярлайтын орталықтар мен мамандарға да қатысты», – деді Данияр Сұлтанов «Kazakhstan Security Systems -2021» атты республикалық конференция барысында.

Оның айтуынша, күзетшілер біліктілігін заңды тіргелген арнайы оқу орталықтарында жетілдіруі тиіс. Сондай-ақ даярлық теория мен практикадан тұрады.

Барлық жаңалықтар