00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

"Игра в кальмара" сериалындағы 77 жастағы актер танымалдығына шағымданды

24.02.2023 | 16:44
Елорда ақпарат
28

Қария телешоудан кейінгі танымалдылығының артуына байланысты оған көп адамдар хабарласатынына шағым түсіріп, өзінің агенті болмағандықтан қызынан көмек сұрауға мәжбүр болғанын айтты.

"Өмірім айтарлықтай өзгерді. Енді мен кафеге немесе басқа жерге шыққанда, бәрі маған көңіл аударатынын ескеруім қажет. Меніңше, танымалдылық – ауыр жүктеме", – деді актер.

Ол шығармашылық жолына қатысты ешқандай амбициясы жоқ екенін атап өтті. 

Айта кетейік, 13 қазан күні "Игра в кальмара" Netflix тарихындағы ең танымал сериалға айналды. Шоудың премьерасынан бастап 25 күн ішінде 111 миллион қаралым жинады.

Барлық жаңалықтар