00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мәжіліс бірқатар ратификациялық заң жобаларын мақұлдады

24.02.2023 | 14:48
Елорда ақпарат
21

Атап айтқанда, отырыста Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Келісімге сәйкес тараптар келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесін құрады.

Бірлескен байланыс жүйесінің ұйымдық-техникалық құрылымын қалыптастыру, оны құру және жұмыс істеу қағидаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшыларының кеңесі бекітетін ережеде айқындалады.

Сонымен қатар, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Жалпы отырыста Палата комитеттері бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Олар: сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңға түзетулер енгізу, сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы, сондай-ақ, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметтері арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бар.

Елімізде биылғы орын алған қуаңшылыққа байланысты депутаттар да су мәселесін депутаттық сауалдар арқылы бірнеше рет көтерді. Осыған сәйкес, халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су тұтынудың тиімді реттеу бойынша тапсырмасы аясында су саласын дамытуға қатысты парламенттік тыңдау өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, депутаттар парламенттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша үкіметтік сағаттар, комитеттердің бес көшпелі отырысын өткізуді көздеп отыр.

Барлық жаңалықтар