00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

03.01.2024 | 03:30
34
Фото: ашық дереккөз

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге индонезиялық Беатрис Гумуля – жапониялық Рина Сайгомен бастапқы кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Жібек Құламбаева – Сапфо Сакеллариди жартылай финалға шығу үшін Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Нонтхабури челленджер турнирінің алғашқы айналымында рейтингіде 211-орында тұрған жапониялық Юта Симидзумен кездесуі керек еді. Алайда Б.Жұқаев денсаулығына байланысты матчқа қатысудан бас тартты. Енді ол Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарына дайындалады.

Барлық жаңалықтар