00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Азия чемпионатында спортшыларымыз тағы 3 медаль жеңіп алды

26.04.2024 | 14:11
93
Азия чемпионатында спортшыларымыз тағы 3 медаль жеңіп алды
Фото: дереккөз

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы 3 медаль еншіледі, деп хабарлады Elorda.info olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина күміс жүлдегер атанды. Иван Сенин онсайыстан үздік үштікке енді. 

400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола медаль жеңіп алды. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Фаина Мейірманова биіктікке секіруден күміске қол жеткізген болатын.

Барлық жаңалықтар