00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық параспортшы әлем кубогінде чемпион атанды

25.04.2024 | 12:28
82
Қазақстандық параспортшы әлем кубогінде чемпион атанды
Фото: дереккөз

Еркін Ғаббасов пара оқ атудан әлем кубогінің алғашқы жарыс күнінде R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо иеленді, ал үшінші орынға Франция спортшысы Ричард Дидье 228.4 ұпайымен тұрақтады.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен әлем кубогінде екінші орынға ие болып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алды.

Пара оқ атудан әлем кубогі Чханвон қаласында (Оңтүстік Корея) 1 мамырға дейін өтеді. Жарыста еліміздің атынан 5 спортшы қатысып жатыр: Севда Алиева (P2), Санаш Ещанов (R4, R5), Анна Довгелеевич (R2, R3, R10), Бигайша Махаева (Р2).

Барлық жаңалықтар