00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың финалына шықты

07.01.2024 | 08:30
27
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге жартылай финалда таиландтық Луксика Кумхум – оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен кортқа шықты.

Қазақстандық-грекиялық жұп қарсыластарын 6:4, 6:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтты, - деп жазылды Қазақстан теннис федерациясы сайтында

Құламбаева Сакеллариди финалда тағы бір таиландтық Ланлана Тараруди – тайбэйлік Хиа Юи Тсаомен бас жүлдені сарапқа салады.

Барлық жаңалықтар