00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жаттықтырушыларға қосымша ақы төлене бастады

09.06.2023 | 11:00
37
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлене бастады, деп жабарлады Elorda.info.

Бұл жайлы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Аманбай Нұрмұханбетов айтып берді.

-Елімізде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінде, спорт интернаттарында, олимпиада резервінде, сонымен қатар дарынды балаларға арналғaн мектеп-интернаттарында 40 пайыз үстемақы төленеді. Сонымен қатар спорт министрлігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 419-бұйрығына өзгерістер енгізіліп, олардың біліктілік талаптарына сәйкес, бірінші, екінші және жоғары категорияларына үстеме ақылар төленіп жатыр, - деді ол.  

Айта кетейік, елімізде 66 мыңнан астам спорт салысының қызметкерлері жұмыс жасайды, оның ішінде 28 мыңнан астамы ауылдық жерде қызмет етуде.

Барлық жаңалықтар