00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жақсылық Үшкемпіровтің турнирі өз мәресіне жетті

13.03.2024 | 13:04
45
Фото: автордан

Үш күнге жалғасқан айтулы додада 10 салмақ бойынша жеңімпаздар белгілі болды. 

Жарыс қорытындысы бойынша бейтарап елдің спортшылары 4 алтынмен жалпы есепте топ жарса, Әзербайжан – 3 алтын, Қазақстан 2 алтынмен үздік үштікті түйіндеді. 

17d89fea-6a36-43ce-9cab-ad2fcc2455be.jpg

Екінші жарыс күнінің жүлдегерлері: 

60 келі

1-орын. Оңдасын Хамитов (Қазақстан) 

2-орын. Кубануч Аринов (Қырғызстан) 

3-орын. Құттыбек Абдуразаков (Қырғызстан) 

3-орын. Алмаз Мазитов (AIN) 

67 келі

1-орын. Фараим Мустафаев (Әзербайжан) 

2-орын. Бағдат Сабаз (Қазақстан) 

3-орын. Тавакгул Хазиев (Әзербайжан) 

3-орын. Грейр Оганесян (AIN) 

77 келі

1-орын. Давуд Маммадов (Әзербайжан) 

2-орын. Гамзат Гаджиев (AIN) 

3-орын. Магомед Иарбилов (AIN) 

3-орын. Канан Абдуллазаде

8ae8837c-cf4a-4647-bd01-ee30241bb6cb.jpg

87 келі

1-орын. Мансур Саитов (AIN) 

2-орын. Али Темлан Гулиев (Әзербайжан) 

3-орын. Бағдат Қуаныш (Қазақстан) 

3-орын. Жожу Самадов (Әзербайжан) 

130 келі

1-орын. Александр Мелехов (AIN) 

2-орын. Марко Миланович (Хорватия) 

3-орын. Жохар Узаров (Қазақстан) 

3-орын. Артур Бойчук (Украина) 

Қатысушылардың арасында Ресей чемпионы Ерзу Закриев, 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Нуруллаев (Әзербайжан), 20 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының жүлдегерлері Давуд Маммадов, Фараим Мустафаев (Әзербайжан) сынды өз салмағының мықты балуандары чемпион атанды. 

Дүбірлі додаға халықаралық ұйымның өкілдері қазылық етті. Олар жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Қазақ күресінің аңызы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров турнирінің өткізілуіне атсалысқаныма өте қуаныштымын. 

Мен 2015 жылы Рио Олимпиадасының жолдамасы үлестірілген Азия құрлығының іріктеу турнирі, 2019 жылы әлем чемпионаты, 2021 жылы Токио Олимпиадасының құрлықтық жарысына келгенмін. Міне, осы жолы төртінші мәрте ат басын бұрдым. Уақыт өткен сайын Қазақстанның ұйымдастыру дәрежесі, камерамен жұмыс, төрешілердің деңгейі артып жатқанын байқадым. 

Қазақстанның бапкерлері де өз-өзін қалай ұстау керектігін анық көрсетті. Олар төрешілердің қалай бағалайтынын, неше ұпай беретінін т.б. біліп отырды. Бұл да ұйымдастырушылар үшін өте үлкен көмек. 

Бұл турнир балуандар үшін алдағы ересектер жарысында үлкен көмегі тиеді деп сенемін, - деді UWW өкілі Сент Левен. 

Енді отандық жас балуандар алдағы сәуір айында Қазақстан чемпионатында бақ сынайды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар